Алматыда жағдайы ауыр 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 809 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 385 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 331, симптомсыз –54 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 90, келіп түскені – 130.

«Инфекциялық стационарларда 809 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700 ), оның ішінде 56 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 63 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1790 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1561 науқас. 229 адамда коронавирус белгілері жоқ.