«68 науқастың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауыр. 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пациенттердің бірінде өкпенің обструктивті созылмалы ауруы бар болғандықтан оның жағдайы ауыр. Сонымен қатар оның бірқатар антибиотикке аллергиясы бары анықталды. Ал екінші пациентте өкпенің екі жақты пневмониясы болғандықтан, оның да жағдайы ауырлап отыр», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Жұқтырғандардың арасында 1 бала бар, оның денсаулық жағдайы қазір қанағаттанарлық.