Жол апаты Т.Рысқұлов көшесінің бойында Қазыбаев көшесіне жақын тұста болған.
Митцубиси Space Wagon пен Тойота Rav4 көлігі шығысқа қарай кетіп бара жатқан. Сәлден соң Rav4 көлігін артқы жағынан Митцубиси екі рет соққан. Содан соң Митцубиси ортадағы бордюрге шығып кетіп, жол бойындағы екі белгіні қиратып барып тоқтаған.
Кроссовер жүргізушісінің мәлімдеуінше, Митцубиси көлігінде екі ер адам болған. Көліктегі жолаушы жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтқан.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем Митцубиси жүргізушісін ауруханаға алып кетті.
Жол апатының кесірінен Т.Рысқұлов көшесінде кептеліс пайда болды.