Акцияның мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғаз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдер мен мүгедек балаларға, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету.
Бүгін, Мектеп оқушылары сарайында бастау алған бұл акция, енді жыл соңына дейін жалғасатын болады.
Жалпы, «1000 игілікті іс» акциясы аясында белсенділер қайырымдылық негізде азық-түлік себеттерін таратып, үйлер мен аулаларды тазартады, шипажайларға арналған жолдамалар және дәрі-дәрмек сертификаттарын ұсынады. Сондай-ақ, ауруханаларда емдеулге, газеттерге жазылуға, әлеуметтік бейімделген дүкендерден тегін нан алып тұруға, «Мейірімді жүрекпен» орталығы арқылы киім-кешек, тұрмыстық заттар, бұйымдар, тез бұзылмайтын азық-түліктер алып тұруға көмектеседі және мерекелік концерттер мен экскурсиялар ұйымдастырады.
Одан басқа, белсенділер жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, «Кеңес» орталығы арқылы оларға заңдық ақыл-кеңестер беру, сондай-ақ, аталған оқу орындарында дайындық курстарын ұйымдастыру жұмыстарын да қолға алады.
Алдағы уақытта, жұмыс жоспары келіп түскен ұсыныстар мен пікірлер негізінде әзірленетін болады.