Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ 500, 5000 номиналдағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан.
Топ құрамында 3 адам жұмыс істеген.
«ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех жұмыс істеген. Купюраларды 3 адам бірігіп қолдан жасаған. Цех ішінен ноутбуктер, түрлі түсті принтер, еріктіш, ультракүлгін сәуле шығаратын шам, ламинатор, клише, бояу құйылған құтылар, ішінде сурет сақталған флэш-тасымалдаушы құралдар, құны 308 000 теңге болатын жалған ақша табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сот қарауына берілді.