Ұлттық валютаның ішінде бір сериялы нөмірді жалған ақшалар көбейген. Олар 5мың және 10 мың теңгелік банкноттарда кездеседі.
Алматы қаласындағы экономикалық тергеу департаментіне жалған банкноттарекінші деңгейлі банктерден түседі. Көбіне 10 000 теңгеліктер тіркеледі, олардыңсериялары бірдей АА3048964, AA0048181, AA0048484 және номиналы 5000 теңгелікбанкноттар бар BB5547994.
Жыл басынан бері департаментке 4,7 миллионнан астам жалған ақша түсті.
Қазіргі уақытта бөлім қызметкерлері аталған банкноттарды шығару және таратукөздерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті, тұрғындарды кассалықоперацияларда қырағы болуға шақырады. Жасанды төлемдер анықталған жағдайда,дереу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментінехабарласуларын сұрайды.
Алматы қаласы Жібек-жолы көшесі 127, сенім телефоны: 8 727 297-29-56 хабарласыңыз.