деп хабарлайды Алматы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
Б., деген кәсіпкер «Самал ХХІ ғасыр», «Мадияр 2003», «Тараз-Байтерек Group» және «Әлем Эксклюзив Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған. Әлгі азаматтың салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірген шығыны 144,1 миллион теңгені құрап отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші бабы бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалып отыр, деп хабарлады департаменттен.