«Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Алматы-Ыстанбұл» бағытындағы рейстен жалған құжаттармен жүрген Ирак азаматтарын ұстады. Ұсталғандардың айтуы бойынша, олар «босқындар» мәртебесін алу үшін Францияға өту мақсатында Қазақстан Республикасының аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған», - делінген Шекара қызметінің баспасөз баянында.
Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, аталған азаматтар халықаралық заңнама аясында кері бағытқа депортацияланды.
Ұстау дерегі туралы ақпарат құқық қорғау және өзара іс-қимыл органдарына хабарланды.