Алматыда жалған лаңкестің кесірінен балабақшадан 140 бүлдіршін қауіпсіз жерге шығарылды

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша ТЖД жедел кезекшісінен ІІД ЖБО-ға шаһардағы балабақшалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпар түсті.

Балабақшадағы 140 бүлдіршін және 39 қызметкер жақын маңдағы мектепке көшірілді.

Шұғыл қызмет саперлерінің балабақша ғимаратын және оған қарасты аумақты тексеруі барысында жарылғыш құрылғы табылмады.

Қазіргі таңда жарылғаш заттың орнатылғаны туралы жалған хабар берген тұлғаны анықтау және ұстау шаралы жүргізілуде.