деп хабарлайды ҚазАқпарат.
М. Жұманбайдың атап көрсеткеніндей, олар номиналы 10 мың теңге және 100 АҚШ доллары болған жалған ақша сатумен айналысқан.
«Мәселен, 20 мың АҚШ доллары көлемінде жалған ақшаларды сату үстінде Ж. деген азамат ұсталды. Бұдан бұрын ол аталмыш топқа жасырын енгізілген қаржы полициясы қызметкеріне 10 мың теңгелік банкноттардан тұратын 3 млн.теңгені сатқан. Оның төлемі ретінде 1 млн. 850 мың теңге алған», дейді ресми өкіл.
Айыпталушы өз кезегінде жалған ақшаны құнының 50 пайызы бағасымен Я. деген азаматтан алып отырғандығы тергеу кезінде анықталды. Ал азамат Я. жалған ақшаны сату үшін өзінің 2 сыбайласынан тартқан.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Барлық айыпталушылар сот санкциясымен қамауға алынды.