Алматыда жалпықалалық патриоттық форум өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің акт залында Алматы қаласын әкімдігі, ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры «Парасатты ел көшбасшысы» атты жалпықалалық патриоттық форумын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның өтуіне Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті мен «Алматы қалалық музейлер бірлестігі» КМҚК мекемесі атсалысып отыр.

Патриоттық фоумның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылық, отаншылдық сана-сезімін қалыптастырып, елдік тұғырды құрметтеуге тәрбиелеу, тәуелсіз мемлекеттің болашағының жарқын болуына аянбай еңбек етуге шақыру, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, өркениетті елдерде дәстүрге айналған Тұңғыш Президент күнінің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени маңыздылығын насихаттау.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Парасатты ел көшбасшысы» атты жалпықалалық патриоттық форумға Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының төрайымы Айдана Сыдықова, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, тіл жанашыры, қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Бағдаршам» жастар орталығының төрағасы Асылхан Төлепов, саясаттанушы, белгілі журналист Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» қауымдастығы Алматы қалалық филиалының директоры Қымбат Бейсекина, «Жарасым» жастар ассамблеясының төрағасы Расул Ахметов, жас кәсіпкер Әйбек Қуатбеков, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының студенттік және жастар ұйымдарының көшбасшылары мен G38 студенттік ұйымының белсенді студенттері, түрлі салаларда үлкен табыстарға жеткен талантты жастары (спорт, өнер, кино, ғылым, білім, бизнес) мен кәсіпкерлері және блогерлер қатысады.

Форумға қатысушылар Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің «Ақтұмар» мұражайымен танысады, қоғам қайртакерлері мен әртүрлі салада жетістікке жеткен талантты жастар сөз сөйлеп, концерттік бағдарламаны тамашалайды.