деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпыхалықтық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен оқу орындарының студенттері, жекеменшік ұйым, компаниялардың жұмысшылары, қаланың барлық тұрғындары, мектеп оқушылары жалпы саны 150 мыңнан астам адам қатысты.
Жылына екі рет қаланы тазалау Алматыда бұрыннан қалыптасқан ізгі дәстүр. Біріншісі, ерте көктемде, ал екіншісі күзде өтеді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Таңертең басталған шара, түске дейін жалғасты.
Қаланың көшелері мен саябақтары, гүлзарлар мен үй маңдары, су арналары мен арық-жылғалары қоқыстан тазартылды. Қоқысты шығаруға саны 100-ден асатын техника жұмылдырылды.