Алматыда «Жан жылуы» қайырымдылық шарасы өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда наурыз айының 16-сы күні Қазақ қатынас жолдары университетінде Наурыз мерекесіне арналған «Жан жылуы» қайырымдылық шарасы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара Қазақстан Ұлттық телеарнасының ақпараттық қолдау көрсетуімен және Қазақ қатынас жолдары университетінің ұйымдастыруымен өтеді.

«Жан жылуы» әлеуметтік бағдарламасының мақсаты - мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ жетім балалар мен жалғыз басты, көп балалы аналарға көмек көрсету болып табылады. Біз тек осы хабар арқылы осындай жағдайдағы адамдарды көрсетіп қана қоймай, тағдырдың тәлкегіне, әр түрлі жағдайға ұшыраған, көмекке зәру жандарға көмектесу мақсатында осындай шара ұйымдастырып, осы арқылы оларға көмек көрсеткіміз келеді», деді «Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі, әрі редакторы Ақбаян Сапарбаева. Оның айтуынш, бірінші акцияда көмек сұраған Аружан деген қызға Түркияда операция жасалып, қазір ол өз аяғымен жүр.

«Қайғыны бөліссең - азаяды» демекші, біз де еліміздің қалталы азаматтары мен кәсіпкерлері тағдыр тәлкегіне тап болған жандарға қамқорлық пейіл танытса дейміз», дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Осымен екінші рет өткелі отырған шарада «Жанұя» балалар кешенінің тәрбиеленушісі 5 жастағы Марк пен 10 жастағы Нұрлан Шоқан қалың көпшіліктен көмек сұрайды. Егоров Марк екі аяғы және оң қолының саусақтары жабысқан күйі дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың қолына көмек көрсету мүмкіндігі бар, операция жасау керек және екі аяғына Германиядан протез алдыру қажет, дейді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылының тұрғыны Нұрлан Шоқан үш жасында сал ауруына ұшыраған. Нұрланның ата-анасы үшін азапты күндер 2003 жылдың қыркүйегінен басталған. Отбасына қонаққа келген туыстардың бірі жүгіріп ойнап жүрген Нұрланды басынан қысып ұстап биікке көтеріп, бірнеше рет басынан айналдырып ойнаған. Таңертең кішкентай Нұрлан орнынан тұра да, жүре де алмай қалады. Осылайша бала үш жасында күтпеген жерден сал ауруына ұшырайды.

Акциядан түскен қаржы аталған балалардың есеп-шоттарына аударылатын болады.

Марктің есеп шоты:

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ

Филиал нөмірі: 131 825

Есеп шот нөмірі: 1318251020511954

ЛЕБЕДЕВ -ЕГОРОВ МАРК ВАЛЕРЬЕВИЧ

Туылған жылы: 08.06.2004

Туу туралы куәлігі: 0764517

Куәлік берілген күні: 11.06.2004г.

Куәлікті берген: Алматы қаласының Жетісу ауданы АХАЖ бөлімі 600900093911

Тұрақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Бегалин көшесі №82, «ЖАНҰЯ» мамандандырылған кешені.

Нұрлан Шоқанның есеп шоты:

Өмірзақова Баян Өмірбаевна

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ

Филиал нөмірі: 131403

Есеп шот нөмірі: 131 403 102 443 39 51

Туу туралы куәлігі: 018292186

Куәлік берілген күні: 19.07.2005

Куәлікті берген: ҚР Әділет Министрлігі

РНН 090320138374