Алматы қалалық мобильділік басқармасы хабарлағандай, қала әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі кезінде түскен өтініш бойынша 12 маусымнан бастап «Жас қанат» шағынауданын Райымбек даңғылымен байланыстыратын жаңа №9 бағыт іске қосылады.
«Жаңа қоғамдық көлік «Райымбек батыр» метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, ары қарай Райымбек даңғылы - Сүйінбай көшесімен, одан кейін Хмельницкий көшесінен «Жас қанат» шағынауданына дейін барады. Осыдан соң кері бағытпен жүреді. Желіде 8 автобус 8 минуттық жиілікпен жүретін болады», - делінеді басқарманың хабарламасында.