Алматыда жаңа балабақша қолданысқа берілді
00:58, 06 Шілде 2021
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Астана күніне орай орындық 68 орындық жекеменшік «Адель» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мектепке дейінгі мекеме Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылы, 661 мекен-жайында орналасқан.
«Бұл жекеменшік балабақша, біз балаларға білім мен тәрбие беру үшін мемлекеттік тапсырыс алдық. Қазір біз жаңа оқу жылына топқа балалар жинап жатырмыз. Балабақшаға екі жастан бастап қабылдаймыз. Бұл орыс балабақшасы, бірақ біз мұнда балаларға қазақ және ағылшын тілдерін үйретеміз. Мемлекеттік бағдарламалардан басқа, бізде мемлекеттік бағдарламаға енбеген білім беру жобалары да бар «, - деді балабақша басшысы Лариса Ли.
Балабақшада логопед, психоло кабинеттері мен шығармашылық студиялары бар. Атап айтар болсақ, хореография және музыка және спортзал.