Алматыда жаңа білім туралы ғылыми-әдістемелік семинар өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Трансферт, трансляция және жаңа білімді гекнерациялау» деп аталатын ғылыми-әдістемелік семинар өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны ҚР Тұңғыш Президентінің қоры мен «Аспандау» ғылыми-ағартушылық қоры ұйымдастырып отыр. Қордың атқарушы директоры Бейсембай Ысқақовтың айтуынша, еліміз шикізат сатушы ел болып қалса, ешқашан әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосыла алмайды. «Мемлекетімізді жоғары деңгейге көтеру үшін халықтың білімін көтеру керек. Жаңа технологияны қазір әлемде «хайтек» дейді. Сондықтан, озық елдердің қатарына қосылу үшін біз де «хайтек» шығарып, сатуымыз керек. Қазір оның деңгейі бізде төмен. Бірақ, ештеңе істелмеді деуге де болмайды. Себебі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы аясында бірқатар жұмыс жасалып жатыр. 30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әйтсе де сапалы білім мен ғылымсыз 100, 130 жобаны жүзеге асырсақ та алысқа ұзай алмаймыз. Оның жолын іздестіру үшін көзі ашық, көкірегі ояу білімді де білікті ғалымдар бір жерде қосылып іздеу, пікір алмасу керек», дейді физика-математика ғылымының докторы, професор Бейсембай Мамайұлы. Ғалымның пайымдауынша, бұл басқосуда нақты мәселелер сөз болып оны шешу жолдары талқыланбақшы.