Әлеуметтік желіде жол жиегіндегі бордюрлердің алынып жатқан видеосы тарады.
«Алматыда бордюрлер мүлдем жоқ жерлер көп, ал әкімдік олардың жобаға енбегенін айтады, бірақ мұнда жаңа бордюрлерді жаңасына ауыстырып жатыр. Алматы, Әуезов ауданы, «Мамыр-4» шағынауданы, Мұстай Кәрім көшесі» деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық Мобильділік басқармасының баспасөз қызметі аталған көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын айтты.
«Бұл учаскедегі бардюрлердің бәрі жаңартылмайды.Тек ескіріп, эстетикалық келбетін жоғалтқан бордюрлердің орнына жаңасы қойылады», - деп жауап берді басқармадан.