Әлеуметтік желіде жаңа босанған анаға арналған тамақтың видеосы тарады.
Бейнежазбадан ыдыстағы тамақ мөлшері өте аз екенін көруге болады. Мұндай тамақ №1 перзентханада берілетіні айтылды.
«Беретін тамақтың мөлшері аз әрі артық бермейді. Көрсетілетін қызмет бойынша мәселе жоқ, бәрі жақсы», - делінген видеодағы жазбада.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты түсінік берді.
«Жүкті және босанған әйелдерге арналған перзентханада тамақ «тамақтанудың табиғи нормаларына» сәйкес беріледі. Соның ішінде №15 диеталық кестеге сәйкес жүргізіледі. Ас мәзірі күн сайын бекітіледі. Диетолог үнемі қадағалап отырады. Пациенттерден басқармаға шағым түскен жоқ», - деп хабарлады басқармадан.