Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала әкімінің тапсырмасы мен тұрғындардың өтініші бойынша 2022-2023 жылғы жөндеу жұмыстары аясында Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданы, Аханов көшесінде ұзындығы 450 метр, бір мезгілде 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағын абаттандыру жұмысы жүргізілді.
«6 000 шаршы метрден астам аумақта серуендеу жолдары төселіп, орындықтар мен урналар, көше жарығы, пергала орнатылды. Бұқаралық спортты дамыту үшін футбол, баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған екі үстел, сондай-ақ кеме тәрізді балалар ойын алаңы салынды. Құрылысшылар Мемлекеттік туға арналған ту бағанасын да орнатты. Жаңа демалыс аймағы көгалдандырылды. Жұмысшылар қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды, нәтижесінде 500 шаршы метрден астам жер көгалдандырылды», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.