Алматыда жаңа кітап көмекші құрал жарыққа шықты

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда көшбасшылық бойынша коуч-кеңесші, ресейлік Марина Петрованың «Рафтинг» деп аталатын кітабінің таныстырылымы болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш кітап «РАУАН» баспа компаниясынан, 2000 данамен шыққан. Шығармада төрт сыныптас достардың, бір демалысқа барғандағы оқиғалары суреттеледі. Сол демалыстан олардың өмірлері қатты өзгеріп, кейіпкерлер өздерін танып, махаббаттың не екенін түсініп, жаңадан өмір сүруге үйренеді. Кітап барлық кітап сүйер оқырмандарға арналған.

«Күнделікті тіршілік аясында, өмірді бағаламай, айналамыздағы мүмкіндіктерді байқамай қаламыз. Қоршалған әйнектің ішінде жүргендей боламыз. Менің кітабім сол қамалдан шығуға, өмірге деген қөзқарасты өзгертуге, жаңа өзгерістерді енгізуге, бүгінгі күнің ертеңгі күнге ұқсамауға, сонымен қатар өзіңді өзгертуге әсер ететін көмекші құрал болады деп ойлаймын», деді кітап авторы Марина Петрова.

Кітаптың бас редакторы Елена Моисееваның айтуынша шығарма бір тыныспен оқылады, жеңіл, әрі ерікті формада жазылған. «Автор шығармасында «Өмірде бәрі бар, алыстан іздеме, барлығы жаныңда, шындық қарапайым және түсінікті, тек қана өз тағдырыңды жаса, талпын, бәрі өз қолыңда» екенін жақсы, түсінікті тілмен жеткізген», дейді Елена Моисеева.