Алматыда жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің екі айлық жұмысы қорытындыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ҚР Жоғарғы сот және Бас прокуратура, Конституциялық кеңес өкілдері жаңадан қабылданған Қылмыстық-процестік кодекстің тиімділігі талқылады. Сарапшылар жаңа заңнаманың екі ай ішіндегі нәтижелерін талқыға салды.

«Қылмыстық сот ісін жаңарту құқық қорғау жүйесінің тиімділігін және Республика Конституциясының құқық қорғау әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысты ашқан Бас прокурордын бірінші орынбасары Иоган Меркель жаңадан қабылданған Қылмыстық-процестік кодекстің азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтіп, қылмыстық процестің тиімділігі мен үнемділігін арттыратыны және оны халықаралық стандарттарға барынша жақындататынын айтып өтті. Форум аясында Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа талаптары кеңінен талқыланды. Қылмыстық сот ісін жетілдіру саласындағы халықаралық тәжірибе туралы жан-жақты пікір алмасылды. «Қылмыстық сот өндірісін жаңғырту мәселесі - өте өзекті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау саласын реформалау қажеттігін 2010 жылғы жолдауында тілге тиек еткен болатын. Содан бері құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, заңнаманы ізгілендіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді. Жаңа онжылдықта жаңа құқық жүйесі халықаралық стандарттарға толығымен жауп беруі керек»,- деді ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, ҚР Президентінің кеңесшісі Нұрлан Ермекбаев. Оның айтуынша, жана заңнама қазір еш кедергісіз жұмыс жасап тұр. Жиынға қатысқан шетелдік ұйымдардың өкілдері Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының өкілдері Николай Кузнецов және Гунарс Кутрис, ГФР Төменгі Саксонияның Әділет министрінің отставкадағы орынбасары Олеркинг Юрген жаңа заңнама Қазақстанның халықаралық құқық жүйесінің стандарттарына жақындауына ықпал ететінін атап өтті.