Алматыда «Жаңа медиа: баспа БАҚ болашағы» атты республикалық конференция өтеді

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - 26 қыркүйекте Алматыда «Жаңа медиа: баспа БАҚ болашағы» тақырыбындағы медиа конференция өтеді. Шараның ұйымдастырушысы - Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазконтент» АҚ.

Барлық аймақтан бас қосатын 130-дан аса жас журналистер мен блогерлер конвергентті (мультимедиалық) журналистиканың ерекшеліктері мен даму перспективасын, сонымен қатар, заманауи медиа нарығындағы БАҚ-тың барлық сегментінде жұмыс істей алатын әмбебап журналистерді дайындаудың әдістемесін талқылайды. Бұл туралы «Қазконтент» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Медиаконференция ең алдымен қазақ тілді БАҚ жас журналистері мен редакторларға еңбекті ұйымдастыру қағидалары мен дәстүрлі редакцияларды реформалау сценариін жете түсіндіру мақсатында ұйымдасытырылады. Медиа сарапшылар өз кейстерінде конвергенция қағидасына өту кезінде медиакомпаниялардың әртүрлі бөлімдерінің қызметін жоспарлауды ұсынып, өздерінің медиа өнімдерін ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде онлайн-журналистиканың құралдарын қолдану мен тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісетін болады. Аталмыш конференция интернет-ресурсті құру, сондай-ақ контентті басқару жүйесіндегі әкімшілік әдісін оқыту және әлеуметтік медианы ілгері жылжытуды үйретуге мүмкіндік беретін баспа БАҚ-тың Интернетке өтуі жобасы аясында өткізілгелі отыр. «Казконтент» АҚ - Интернет желісінің (Қазнет) қазақстандық сегментінде даму және ақпараттық кеңістік құру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2008 жылы құрылған мемлекеттік компания. Компанияның басты мақсаты - Қазақстанда дамыған ұлттық сегментінің жаһандық ақпараттық Интернет желісін құру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру, осы салада белсенділікті инвестициялық және инновациялық ынталандыру.