Алматыда жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қанша бала барады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қанша бала баратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жылсайын 29 мыңға дейін бірінші сыныпоқушыларын қабылдайтынбыз. Егер бұрын балалар 6-7 жас аралығында біріншісыныпқа баратын болса, биылғы жылдан бастап 6 жастан мектепке баруға тиіс. Осы жаңашылдықты ескере отырып, биылбірінші сыныпқа 32 мың баланы қабылдауды жоспарлап отырмыз», - деді Гүлнәр Қожабергенова.

Сондай-ақ,ол мектептерде оқушы орындарының жетіспеушілігі туралы да айта кетті.

« Оқушыорындардың жетіспеушілігі әрқашан болған және бүгін де бар. Бірақ, бұл бізбаланы мектепке қабылдамаймыз дегенді білдірмейді, Балалар мектепте білім алуға құқылы. Балаларсаны өте көп. Тіпті,санитарлық нормадан асып кетеміз, 30-35 оқушыға арналған сыныптарға 40 балақабылдаймыз. Бұлмәселе біртіндеп шешіледі. Жаңа мектептер салынып жатыр. Сондай-ақ, бұл демографиялықөсімге де байланысты. Алматыға қоныс аударатын адамдардың да саны артты.Олардың балаларын мектепке қабылдауға міндеттіміз», - деді ол.

Бүгінгі күніАлматыда 259 мектеп бар, оның 204 мемлекеттік болса, қалған 55 жекеменшік.Сондай-ақ,185 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 669 жекеменшік балабақша.

«Оқу жылыныңбасында Алатау ауданында бір қазақмектебін ашуды жоспарлап отырмыз, тағы екі мектеп салынып жатыр, олар келесіжылы пайдалануға беріледі. Жеке меншік мектептер де ашылады. Балабақшаларға келерболсақ, жыл басынан бері қалада 3 мемлекеттік және 70 жекеменшік балабақшақолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 4 мемлекеттік және 30 жеке балабақша есгінайқара ашпақ», - деп түсіндірді білім басқармасының басшысы.

Айта кеткен жөн, Алматыда республикалық «Мектепке жол» акциясы басталыпкетті.

Соңғы жаңалықтар