Алматыда жаңа сауда ойын-сауық орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше ашылған «Mango» орталығының құрылысын Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында инвестициялы-құрылыс жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелі «Mango Mobile» компаниясы салды.

Ал орталық құрылысының Бас мердігері «Success Building» компаниясы. Сауда ойын-сауық орталығын басқарумен АҚШ пен Еуропаның сауда және көпфункциялы орталықтарын басқаруда тәжірибелі «NAI Global» компаниясы айналысады. Ал «NAI Aristan» компаниясы оның қазақстандық серіктесі болып табылады.

Қаланың Түрксіб ауданында орналасқан жаңа орталықтың жалпы көлемі 16 мың шаршы метрді құрайды. Ал оның 6500 астам бөлігі сауда алаңы болып отыр. Орталықтың 100 орындық автотұрағы бар. Негізгі жалдаушылары - азық-түлік супермаркеті мен балалар ойын-сауық паркі және 4 залды «Chaplin Cinemas» кинотеатры.

«Mango» орталығының ашылуы 300 жуық жұмыс орнын қамтамасыз етумен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық, жалпы инфрақұрылымының дамуына қомақты үлес қосады деп күтілуде.