Алматыда жаңа шағын станса ашылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін «Есентай» трансформаторлық стансасы ашылды. Жоба қаланың энергетикалық дамуы мен жаңғыртылуы аясында жүзеге асырылды.

Нысанның іске қосылу салтанатына қала басшысы Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына», «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма басшысы Мұхит Үмбетов қатысты. «Біз бүгін жаңа энергетикалық нысанды енгізіп отырмыз. «Есентай» шағын стансасы биыл жыл басынан бері енгізілген 29-шы станса болып отыр. Жаңа нысан қаламыздың энергетикалық қуатын арттырып, қауіпсіздігін нығайтады деп сенеміз. Осы 29 стансаның ішінде 17 нысан әлемдік стандарттарға сай жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ол мемлекеттік органдар, спорт нысандары, метро мен тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтитын болады», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов. Әкімнің айтуынша, биыл Түрксіб ауданында да осындай шағын станса салу жоспарланып отыр. Жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған «Есентай» стансасының трансформаторлық қуаты 126 МВА.

Соңғы жаңалықтар