Алматыда жаңа велодром ашылады - қала әкімі

АЛМАТЫ.  Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ -    Ағымдағы жылдың  қыркүйек айында Алматыда      ұзындығы 12 шақырымдық   велодром   пайдалануға беріледі.


 Бұл туралы жексенбі күні    Спорт күніне   орай   өткен   қалалық веложарыс барысында     Алматы  әкімі   Ахметжан  Есімов мәлім етті.

 Әкім  бүгінде   қалада  велошабандоздар  үшін  жол  тартылатын    бағыттар   қарастырылып  жатқанын     атап  көрсетті.  Қалалық әкімшіліктің   велосипед жолдары  және қаланың    үлкен көшелерінде велотұрақтар  салу сияқты     жобалармен  белсенді айналысып   жатқанын  атап  көрсеткен  әкім,   сонымен  бірге  қала көшелерінде    велошабандоздардың  қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мәселелері  де  назардан тыс қалмайтынын    жеткізді.