Алматылықтар мен қала қонақтары бірнеше сағат ішінде жүздеген қолөнер және зергерлік бұйымдарды, ойыншықтарды сатып алды. №1 есту қабілеті бұзылған балаларға, №4 Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға, №9 сөйлеуі қабілеті төмен балаларға, №6 және №7 ақыл-ойының даму қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері 200-ден астам қолөнер бұйымдарын дайындады.
Жиналған қаражат осы мекемелердегі балаларға арналған шығармашылық үйірмелердің қажетіне жұмсалатын болады.