Алматыда жаңа жыл мерекесіне арналған «Базар жоқ» концерті өтті

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыда жаңа жыл мерекесіне арналған концерт өтті.

Аталған жобаның продюсері Нұрлан Қоянбаев думанды кештің жаңа жыл қарсаңында халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізіліп отырғандығын айтады. «Бүгінгі кеш жаңа жылға арналғандықтан көп дайындалдық, әрі сахнаны да ерекше безендірдік. Өйткені бұл концерттің телеарналық түсірілім нұсқасы, сондықтан бұған билеттер сатылған жоқ, тек арнайы шақыру билеттері таратылды», - дейді продюсер.

Кеш барысында халықаралық КВН-ға қатысып жүрген "Қазақтар" КТК-ның мүшелері тың әзілдерімен жұртшылықтың көңілін көтерсе, Ескендір Хасанғалиев, Жұбаныш Жексенұлы бастаған бір топ әншілер мерекелік әндерін тарту етті.