Алматыда жаңа жыл түнінде айуандықпен адам сабаған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері жаңа жыл түні «Сафина» дәмханасының маңында болған төбелеске қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлеуметтік желілерге тарап кеткен төбелестің видеосы қоғамда біраз шу тудырған болатын. Белгілі болғандай, дәмханадан шыққан үш жігіт маңайда тұрған екі адамды аяусыз соққыға жығады. Олар құлап жатқан дәрменсіз адамдарды тепкілеп, араша түскен адамдарға да жұдырық жұмсайды.

«Барлық күдіктілердің аты-жөндері анықталды. Ұсталған күдікті  1985 жылы туған, Жамбыл облысының азаматы. Оның бұрын адам өлтіргені  үшін сотты болғанын айта кетейік. Қалған күдіктілер іздестірілу үстінде», - деп хабарлады Алматы ІІД полиция полковнигі Жанболат Зиадин.