Алматыда Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікке арналған жол жүру билеттері қымбаттамақ

None
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікке арналған жол жүру билеттері қымбаттамақ. Бұл туралы бүгін Алматы метрополитені марапатының тұсаукесеріне арналған іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Іс-шараға қатысушылар, сондай-ақ, қаланың қоғамдық көліктерін дамыту міндеттері мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ю. Ильин Жаңа жылдан бастап жол жүру билеттерінің құны қымбаттайтынын хабарлады. Оқушылардың жол жүру билетінің бағасы 850 теңгеден 1000 теңгеге, зейнеткерлердің жол жүру билетінің бағасы 1500 теңгеден 2000 теңгеге, студенттердің жол жүру билетінің бағасы 2250 теңгеден 2800 теңгеге қымбаттайды. Ересектер үшін жол жүру билетінің бағасы өзгеріссіз - 6000 теңге болып қалады. Әкім орынбасарының сөзіне қарағанда, қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысы да өзгеріссіз қалады. Еске сала кетейік, бүгінгі күні оның бағасы 80 теңгені құрайды.