31 желтоқсан күні №5 перзентханада алты ұл, сегіз қыз бала дүниеге келсе, Қалқаман перзентханасында 13 сәби дүние есігін ашқан, оның 7-еуі қыз, 6-ауы ұл бала. Төртінші перзентханада 7 қыз, 3 ұл бала, №1 перзентханада - 8 қыз, 2 ұл, № 2 перзентханада - 6 ұл, 7 қыз, №3 перзентханада 12 ұл, 6 қыз аман-есен дүниеге келіп, оңтүстік астана тұрғындарының санын ұлғайтты. Жаңа жылдың бірінші күні 12 бала дүние есігін ашты, оның жетеуі ұл, бесеуі қыз бала. Ал, Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығында бір ұл бала дүниеге келген.
19:38, 05 Қаңтар 2011
Алматыда Жаңа жылдық мерекеде 90 сәби дүниеге келді
АЛМАТЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Жаңа жылдық мерекеде - 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 90 бала дүниеге келді. Бұл мәліметті Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы таратты. Дүние есегін ашқан сәбилердің 46-сы ұл бала, ал 44-і қыз бала.