Алматыда Жаңа жылдық шырша мерекелері басталды

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Жаңа жылдық шырша мерекелері басталды.

Бүгін қалада Алматы қаласының мектептерімен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және аудан әкімдігінің шыршалары да өтіп жатыр.

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры биыл да бірнеше жылдан бері тығыз байланыста келе жатқан достарын -Алматы қаласының және Алматы облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түзету мектеп-интернаттарының балаларын Жаңа жылдық шырша мерекесіне шақырды. Мерекеге барлығы 500-ден астам балалар қатысуда. Оларға жаңа жылдық «Айдаһарды қолға қалай үйретеді» атты балалар бағдарламасы ұсынылуда. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетуде. Сондай-ақ, керемет жаңа жылдық көңіл-күйді түрлі халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломаттары, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары сыйлауда. Қонақтарды мың бұралған бишілер, түрлі ойындар, бітпейтін би музыкасы, әр түрлі байқаулар, ең сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесулер және әрине, Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтар қуантпақ.

Дәл қазір, Н. Сац атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрындаӘуезов ауданы әкімдігінің шыршасы өтіп жатыр. Оған аудандағы мектеп интернатында тәрбиеленуші балалар, әр түрлі себептермен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балалары қатысуда. Мерекелік шараға Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев қатысып, балаларды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, өз ізгі тілегін білдірді. Мерекелік шырша соңында барлық балаға Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлықтары табысталатын болады.