"Дайындықта үлкен мәселелер бар. Оған М-1 жылу магистраліндегі қайтақұру жұмыстары туралы келісімнің дер кезінде жасалмауы және құрал-жабдықтың шет елден кешігіп келуі түрткі болып отыр. Қазір жоспарды орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Жоспарлы жұмысты қуып жетіп, тұрғындарға жылуды өз уақытында беруді алдағы 15 күннің ішінде шешуге тырысамыз", - дейді Серік Сүйінбекұлы.
Оның айтуынша, жылу маусымының басында жоспарланған 100 Гкал. жоғары көздер құралдарының 73-інің 54-і, 100 Гкал. дейінгі көздердің 70-сінің 67-сі жөнделді. Жылу трассаларының 14 шақырымының 13-і, су құбырлары желісінің 24 шақырымының 19,2-сі және электр желілерінің 79,9 шақырымның 65,2-сі жөнделген. Жоспар 100 Гкал. жоғары көздерде 74 пайыз, 100 Гкал дейінгі көздерде 96 пайыз, жылу трассаларында 89 пайыз, су құбырлары желісінде 80 пайыз, электр желілерінде 82 пайызға орындалып отыр.
16:34, 28 Қыркүйек 2011
Алматыда жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстары жоспардан кешеуілдеп келе жатыр
АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Жылу маусымына дайындық барысында коммуналдық шаруашылықтың тасымалдаушыларына жоғары талап қойылуда. Оны Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Түтебаев бүгін депутаттық тыңдау кезінде айтты.