«КТ аппарат шынымен істен шықты. Инфекциялық стационарда қазір цифрлық рентген аппарат бар. Жақын арада КТ аппаратқа ауыстыруға тиісті бөлшектері жеткізілетін болады», - деді Камалжан Надыров.
Басқарма басшысы дәрігердің нұқсауынсыз КТ аппаратына түсуге болмайтынын айтты.
«Компьютерлік томография – ол да сәулелі терапияға жатады. Сондықтан, оған қажеттіліксіз түсе беруге болмайды. Міндетті түрде дәрігерлердің ұсынысы керек», - деді ол.