Алматыда жаңадан салынған тұрғын үй өртенді
19:05, 15 Қазан 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің бірінде пəтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Құрманғазы көшесінің бойындағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы пəтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 16:16-де түскен.
Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.