АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңажылдық кештер мен ертеңгіліктерге тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге болмайды.Осыған байланысты кәсіпкерлерге тағы да айтарым, жаңажылдық ертеңгіліктер мен кештерге тыйым салынады», - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салайық, Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймаққа оралды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.