« Біз «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта болсақ та ұжымдық кештерге тыйым салынады. Бүгінгі күні вирус жұқтыру жағдайы сақталуда. Тіпті, «жасыл» аймақта болсақ та бір тәулікте 120- 130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, біз бірден «сары» емес «қызыл» аймаққа ораламыз. Біздің мақсатымыз карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру», - дейді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі мекемелерде де ертеңгілік өтпейтінін тілге тиек етті.
«Балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайды. Бұл топтар арасында вирус жұқтыру қаупін тудырады»,- деді ол.