Алматыда жаңажылдық отшашу бола ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлім етті.

«Алматыда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың хабарлауынша, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әрі адамдар көп шоғырланған орындарда азаматтардың жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында Алматыда 31 желтоқсанда мерекелік отшашу жоспарланбайды»,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Десек те, 25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін мегаполисте 60-тан астам түрлі іс шара өтеді. Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар.

Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.