Алматыда жаңажылдық шырша мен безендіруге қанша қаржы бөлінді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылықтар жаңа жыл мерекесін қарсы алуға қалай әзірленіп жатыр, ҚазАқпарат фототілшісі әсем қаланың ажарын аша түскен жаңажылдық безендіру жұмыстарын көріп қайтты.

Оңтүстік астаналықтар мен қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында безендірілген Алматы көшелерін аралай жүріп, ертегі әлеміне енгендей күй кешері сөзсіз.

Әсіресе, кешқұрым көшелерде жарқыраған шамдар, безендірілген шыршалар Еуропа қалаларын еске салады.

Қаланың бас шыршасы «Абай» алаңында орнатылады. Сонымен қатар, инсталляциялар қаланың 8 ауданында – орталық көшелерде, аудан әкімдіктерінің маңында, жаяу жүргіншілер аймақтарында орнатылды.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі –22 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен және жаңажылдық 350 ойыншықпен безендірілген.

Қаланың 8 ауданында шырша мен фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ, шағын сәулет нысандары бар.

Қалалық әкімідіктің мәліметінше, биыл мегаполистегі жаңажылдық безендіруге бюджеттен 360 млн тенге бөлінді.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына байланысты 2021 жылы мегаполистегі жаңажылдық безендіру қарапайым болды.

Еске салайық, Алматыда бас шыршаның шамдары 20 желтоқсан күні жағылды.