Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, Панфилов және Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде бірінші желтоқсаннан бастап жаңа жылдық жәрмеңкелерді ашу жоспарлануда. Сондай-ақ жәрмеңкелер «Променад» СОО мен «Спутник» СОО-да өтеді.
«Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жылдық сыйлықтарды жәрмеңкелерден алады, өйткені келушілерге көздің жауын алатын әртүрлі сыйлықтар ұсынылады: қолөнер бұйымдары, жаңа жылдық әшекейлер, ойыншықтар, кәдесыйлар, әшекейлер, декорация мен интерьер заттары және тағы да басқа сыйлықтар», - деп мәлімдеді басқармадан.
Сонымен қатар, бес сауда ойын-сауық орталығында жәрмеңкелері бар жаңажылдық мұз айдынын орнату жоспарлануда.
Олжас Омарбек