Қалада бүгін сағат 04:30-дан бастап жаңбыр жауа бастады. Су басудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түнде мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Суды кедергісіз өткізу және сорып шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жалпы саны 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 2000 қап құм дайындалды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 наурызда кейде қатты жаңбыр жауады, ол үзілістермен 20 наурызға дейін болжанады. Ауа температурасы 3-тен 5 градусқа дейін өзгереді.