«Алматылықтарға 5 сәуір күні әлеуметтік желілер мен SMS арқылы 6-7 сәуірде жаңбыр суының тасқыны болуы мүмкіндігі туралы ескертілді. Барлық коммуналдық және азаматтық қорғау қызметтері ескертілді және жоғары дайындық күйіне ауыстырылды. 6 сәуір күні күндізгі уақытта Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «112» қызметі азаматтардан келіп түскен 400-ден астам қоңырауды өңдеді. Барлық шақыруға суды сору техникаларымен және жұмысшылармен бірге Аудандық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және аудандық әкімдіктердің қызметкерлері шығып отырды», - делінген ТЖД ақпаратында.
Құтқарушылардың айтуынша, су басу жағдайларының басым дені арық жүйелерінің тұрмыстық қоқыспен бітелуі немесе су ағызу жүйесінің болмауынан орын алуда.
«Бұл ретте, тау өзендеріне жасалған мониторинг судың деңгейі мен оның ағуы бойынша айтарлықтай ауытқулар жоқтығын көрсетті. Су басу салдарын жою үшін 500-ге жуық адам, 140-тан астам техника және 41 мотор сорғысы жұмылдырылды. Осы уақытта 35 учаскеде су басу қаупі сейілді. 24 учаскеде жұмыстар жалғасуда», - делінген баспасөз хабарламасында.