Алматыда жаңбыр жауып, қар көшкіні жүруі мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласында демалыс күндері қатты жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 11-14 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және қатты жауын шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының тауларында көшкіндердің жаппай түсуі байқалады. Тек соңғы үш күнде 14 қар көшкіні өздігінен түсті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар көшкін қаупінің жоғары деңгейі байқалады»,- деп хабарлады ведомстводан.

Синоптиктердің болжамынша, 12 наурызда қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.