Алматыда жанып жатқан көпқабатты үйден 10 адам құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуезов ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқрпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 қаңтар күні сағат 18:21- де Әуезов ауданы 7 ықшам ауданында орналасқан № 4 үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Баспалдақ алаңында улы түтін болғандықтан, тұрғындар шағалмай олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді, өрттің үшінші қабат пен шатырға таралу қаупін туғызды. ТЖД күштерімен өрт сөндіру барысында 10 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды,-деп хабарлады ведомствадан.

Сонымен қатар, құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 25 литрлік 1 газ баллонын алып шықты.