Алматыда жапалақтап қар жауып тұр (ФОТОРЕПОРТАЖ)
16:54, 25 Қараша 2014
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күні бойы жапалақтап қар жауып тұр. «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, ол ертеңге дейін толастамайды. Қалада ауа температурасы қазір 2-4 градус, бұдан да төмендеуі мүмкін.
Мұны алғашқы қар деуге болады, себебі бұған дейін жауған қарлар сол күні-ақ еріп кеткен.
Ауа райы тымық. Ірі қар үлпектері жер-дүниені аппақ болып көмкеруде.