Алматыда жапон тіліндегі шешендік өнер сайысы өтеді

АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 31 наурызда жапон тілінен XIV Қазақстандық шешендік өнер сайысы болады. Оны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жапонтану кафедрасы ҚР Жапония елшілігі,

Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы, Жапон тілі оқытушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шарада жоғары оқу орындарының студенттері жапон тілінде әдеби тілде мәнерлеп сөйлеуді және өз ойларын еркін жеткізуді дамытып, игерген біліміне деген сенімдерін нығайтады.

Дәстүрлі сөз додасына биыл Алматыдан - 11, ал Астанадан - 3 үміткер қатыспақ. Оның алтауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, бесеуі Абылай хан атындағы Қазақтық халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен, үшеуі Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығынан. Олар онда  Қазақстан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, Қазақстандағы тілдік саясат, мамандықты таңдау сияқты түрлі тақырып бойынша шешендік көрсетпекші.