«Бүгінде барлық 151 бағыт және 1600 бірлік жылжымалы құрам, оның ішінде троллейбус және қала маңындағы бағыттар іске қосылды. Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9.00-ден 21.00-ге дейін. Сонымен қатар, метро жұмысы қайта жанданды. Жұмыс уақыты - 7.00-ден 21.00-ге дейін»,- деді спикер.
Ғани Мырзахановтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде 28 автобус зақымдалған.
Оның 16-сы толық қалпына келтірілді, қалған 12 автобус қаңтар айының соңына дейін қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Сондай-ақ, әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
15 қаңтардан бастап қалааралық тасымалдар жартылай жаңартылды (Талдықорған, Тараз, Шымкент қалалары).