Алматыда жаппай қалалық сенбілік өтуде

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы барлық ЖОО, орта және арнайы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары және заңды тұлғалар мен коммуналдық қызмет орындары жаппай қалалық сенбілікке қатысуда.

Сенбілік жұмыстары қаланың барлық аймақтарында түске дейін жүргізіледі. Тазалық жұмыстарының әрбір аймақта аудандық әкімшіліктер өкілдерінің қадағалауымен толыққанды жүргізілуде. Түстен кейін жиналған қоқыстар арнайы техникалар көмегімен қала сыртындағы полигондарға шығарылады.