АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған факт ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның объективті мән-жайын анықтау үшін іс-шаралар кешені жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында сөзден келіспеушілік шығып, артынан төбелеске ұласқан. Төбелестен зардап шеккендер болған жоқ»,- деді полициядан.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.