Алматыда жаппай төбелес шығарған жастар ұсталды

Алматыда жаппай төбелескен жастар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті 14 қыркүйектен 15-іне қараған түні Алмалы ауданында тіркелген жаппай төбелес ішінде болғандар анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

«Төбелескендердің бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын хабарланғандай, аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық полиция басқармасымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарап, полиция түсінік берген еді.